Бет үсітетін өткір суық желді аяз. ~ Бүгін аспан әлемі ашық болғанымен, шаңытқан бозғылт мұнар арасынан күннің көзі шелденіп, көк бет қатындай жылусыз бедірейіп тұр. Ауада бет шымшыған үскірік аяз бар. М.Әу. ~ Кеше ғана май тоңғысыз майда шуақ боп тұрған, таңертең тұрсақ айналаны тұсарлықтан қар басып тастапты. Табан астың сықырлап, бет шымшыған аяз бар. Т.Сәу. ~ Әзiр дене тоңазытар, бет шымшыр аяз да жоқ. Тек емiс қана шытқыл бар. М.Әу.
