Жарық дүние, қайран өмір д.м. ~ …Аспан асты — алтын шатыр! Беу дүние буға оранып, толғатып жатыр. Көзін рахаттана жұмып, қимылсыз қыбыр етпей тұр. М.Қаб. ~ Нөсер дүркірете жауып кетті. Көзге көрінбес біреу ақ пердені беу дүниенің бетіне жаба салды да, ары бір, бері екі толқытып, әлсін-әлі ысырып тұр. М.Қаб. ~ Мықтыға тізе бүктіріп, бел қайыстырған беу дүние-ай!.. Д.Рам. ~ Дүрбі алмас демімен алыстан тартып, қол созымға жақындатқан беу дүние жым-жырт, тіл-құлақсыз – қой маңырамайды, көк серке бақылдамайды, бозторғай шырылдамайды. М.Қаб. ~ Жігіт жымиды. «Беу дүние! Монна Литта да тырағайлап ойнаған бұйра бас сәбиге өстіп қараған шығар». М.Қаб. ~ Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда, Айдын көлдің иесі жол алғанда. М.Мақ.
