Posted in

БИДАЙЫҚТАЙ ҚУЫРДЫ

Жерден алып, жерге салып ұрысты. ~ Ат бермеймін деуге енді жұрттың дәті бармады. Ырғайты елінің атын Баян қаласына жинатып алысты. Ат алғанның ішінде Кәрім тілмаш, Кенебай жасауыл, Жұмағазы деген мал докторлары болып, елді бидайықтай қуырды. І.Жанс. ~ Сол сұр аттың орайына ана Бөрілі елінен әкелген жылқының суық жолымен келгенін айтқан адамды іздеп, бізді бидайықтай қуырды, – деп ана жылғы Тәтім үйінің басынан кешкен сол бір сергелдең уақиғаның соқыр сорабын бір шолып тастады. C.Бег.