Posted in

БИЕНІ ТҮГІМЕН (БҮГІМЕН), ТҮЙЕНІ ЖҮГІМЕН (ТҮГІМЕН)

Асқан жебірлік, тойымсыздық.~ Одан кейін де арызға тыным болған жоқ. Сонда, жұрт Шыңғысқа пәле жабайын деген жоқ. Ол, бір ақынның: Замана – ақыр биінің Сөзі арылмас жаладан, Аузы арылмас парадан, – деген жырының кебін киіп, ел ішінен арылмайтын дау-шарды бітіргендер, жеңген жағынан «биені – түгімен, түйені – жүгімен» жұтты да отырды. С.Мұқ. ~ Сен, өзің білетін жігітсің, қазір қаралатын іс көп, ала қозыны қойып, ұрылардың түйенің табанын кесіп алып жатқанына не дейсің, жұмысымыз қарбалас, десе де ала қозының жұмысын сөзсіз бітіреміз, бұл оңбағандар бүгін қозы жымқырса, ертең түйені түгімен, биені бүгімен жұтады. Ж.Шәк.