Posted in

БИЕ БАЙЛАДЫ

Қымыз ашыту үшін желіге құлынды байлап, бие сауу. * Екі ауылнай елдің жайлауы Саумал-көлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, көпұзамай бие де байлады. М.Дул. * Ту бие, ту сиыр, құйрығы қазандай- қазандай құнан қойларды алдын ала сойғызып, қақаған қыс ішінде бие байлатып, қымыз ашытты. Т.Рыск. ~ Ел қайтады Егіз көлді әр жыл жайлап, Үй тігеді көк шалғынға бие байлап. Жайлауы
жанға рахат Сыр бойының, Таусылмас тамашасы жаз болса, айлап. “Мақпал-Сегіз”. ~ Қылыш ұстағандар ұлы кәмпескеде қолының қышуын бір қандырды – ау, әрине, бес бие байлаған «ірі» байлардың, шолақ байтал
мінген құлақтардың тұқымын тұздай құрту керек болды. Қ.Ысқ.