Posted in

БИЕ САУЫМ

Уақыт мөлшері, шамамен бір жарым сағат. * Бірақ мен тоқтамадым. Ілбіген қалпымда алға жылжи бергем. Бие сауым, ет асым уақыттан соң ғана аз-маз аял жасап, аттарымның аяғын суыттым. М.Мағ. * Бие сауымнан соң аула сыртына машина пыс етіп тоқтады. Көкесі! М.Қаб. * Ертеде ата-бабаларымыз уақыт өлшеміне келгенде бай тәжірибе жинақтаған. Мысалы, қонаққа келе жатса (сол әңгімеге мысал ретінде айтып отырмын ғой) «пәленше, мен етпісірім уақытта келемін немесе бие сауымда келемін» дей салады. Бұл үлкен жауапкершілікті білдіріп тұр. Бұл жердегі етпісірім – екі-үш сағат, ал бие сауым – бір жарым сағат. Қас-қағым сәт – бір секунд. Сүтпісірім – бес-он минут. Ж.Баб.