Posted in

БИТТІҢ ҚАБЫҒЫНДАЙ

Тым жұқа. * Бөлім бастығы былтырдан бері сақа сынды талақ тастап, өлеңге құрық сілтеген. Жуырда биттің қабығындай алғашқы жинағы жарық көрді. М.Қаб. * Сүкеңнің: «Биттің қабығындай шалбармен ұшып өлесің, сұлуынан жылуы, мына қырық жылғы мақта шалбарымды киіп ал»,- деген тілін алмағанына өлердей өкінішті. С.Елу. * Тек Абыралының «жазушы» деп, әспенсіткеніне наразы. Биттің қабығындай жинағы биыл жарық көрді — Елтай қайда, жазушы қайда?! М.Қаб.