Еш әсер етпеді, міз бақпады, елеген жоқ. ~ Сонша кәрленіп зілмен-ақ ұрып едім, мына ұры онымды бит шаққан құрлы да көрмеген сыңайы бар. Ж.Сәм. ~ Ұзақты күн ит пен мысықтай ырылдасып жатса, бұған да әйелдің кезекті сандырағы ғой деп сүлесоқтау ғана қолы бір сілтер еді, турасына көшкенде оны бит шаққан құрлы көрмес еді. Қ.Жиен. ~ Нәсілсіз туған Қараман Қолындағы қамшымен Тас төбеге салады. Батыр туған Ер Қосай Бит шаққандай көрмеді, Ұрғанына шыдады. “Ер Қосай”. * Мұрныңа жеткізбек түгілі қайда жеткізсең де, бит шаққан құрлы ойыма ала ма екем. Ж.Айм. ~ Сырттан келгенді көк
желкеден берді-ай келіп, ол. Келуші оның ұрғанын бит шаққандай көрмеді. Б.Қыд. * Өндіршектеген өлермендерге ескертудің бит шаққан ғұрлы әсер етпегені ме? Е.Зейіп. ~ Лап етіп ең бағана, Кәні, зарар қылғаның? Бит шаққандай болмады, Осы ма Әли дәрменің. “Зарқұм”.
