Posted in

БИТ ІШІНЕ ҚАН ҚҰЙҒАН

Әккі қу, алаяқ, қулық-сұмдығына құрық бойламайтын зымиян адам. * Қанша сақ, қанша ұтқыр болсаң да зымияндықтың бит ішіне қан құйған неше түрі бар екенін біле берермісің. Б.Қыд. * Бірақ бит ішіне қан құйған сұмдардың судан құрғақ, оттан күймей шығатынын да кездестірдім. Кейде солардың дегені болып кететін жағдай да көп. Б.Қыд. ~ Мына бұлтарысты ойлап тауып отырған бит ішіне қан құйған Дәмет кемпірдің сұрқия бұлтағы барын тексеріп, жауаптарын қағазға түсіріп милиция қызметкері нәрселерді қаттап өз кеңсесіне алып жүретін болды. С.Бег. * … шаш ал десе бас алған, Голощекиннің асыра сілтеуінің құлы болғандардың, кейбірі өз құлқынының құрғамауы үшін, астындағы жұмсақ, күмпілдек креслодан айырылып қалмай, жақтауына жармасып отыратын сатқын, бит ішіне қан құйған зымияндардың ісі еді. Б.Қыд. * Міне, інім, бит ішіне қан құйған қанқұйлы, зымиян тап жаулары да іштен ірітуді ойлап, барлық жолды, барлық өткелек-өтімдіні пайдаланып жатты. Б.Қыд.