Posted in

БИЯЗЫ ҮН

Жұмсақ, әдепті дауыс. * Сенің елжірей еміренуіңе хұқығым болса, ол мынау ғана: – деді ол кісілік қасиетке толы биязы үнмен, мен, Париж жастарын аздыратын бақытсыздықтан сенің жастық шағыңды аман сақтап қалғаным. О.Баль. * Манаты бір биязы үн емес, даусы қатқыл, қонаққа емес, күндегі көзтанысқа жасайтын өзімсіну бар. Қ.Ысқ. * Келіншектің биязы үні қонақтың көңілін бөліп кетті; ол ту сыртынан естілген дауысқа жалт бұрылған, аңтарылып қалды. М.Сүн.