Шығарманың барынша сапалы, құнды болып, биік талғамға жауап беретін дәрежеге көтерілуі. ~ Қазіргі биік өреге, озық мәдениетке жеткен қазақ прозасының халық мұрасымен байланысын айқындау күрделі шаруа. А.Тойшан. ~ Десе де Мұхтарға еліктеу жаман емес-ау, бірақ Мұхтардың деңгейіндей биік өреге жеткізіп, иін қандырып, әлемдік әдебиеттің шоқтығына жармаса алды ма, жоқ па, ол жағына жеңіл кесім айта алмаймыз. Ж.Шәк. ~ Форманы талдау арқылы мазмұнды тану – біршама биік өреге көтерілген сыншылық қабілеттің айғағы. Т.Әс. ~ Романды әдебиетші қауым бірден жоғары бағалады: «Тағдыр» — ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген роман. А.Жұм.
