Бозғылданды, қылаң берді. ~ Көкшіл шеңберлердің соңғы шығыршықтары мұржа
мойнынан атып- атып кетті де, бозамық тартып барып, бозғылт аспанға сіңіп жоқ болды.
Қ.Ысқ. ~ Таң құлан иектеніп, төңірек бозамық тарта бастапты. Әр үйдің қорасынан
баж- баж етіп әтештер шақырып жатыр. май шамның жарығы түскендей боп көмескі
көрінеді. С.Мұр. ~ Аспан бозамық тартқан. Үй іргесіндегі төбенің үстінде отырған Тәсібек
пен Құлнияз кешкі ауылдың қарбаласына қарап, әңгімелесіп отыр. С.См. ~ Жазғы таң
ауыл сыртындағы қоңыр шоқының ұшар басына шапақ шашып, түндігі түсірулі абажадай
үй іші бозамық тарта бастағанда Кенжекей қозғалды Ә.Нұрп.
