Асқан жүйрік, сәйгүлік тұлпар хақында. ~ Апырмай, мақтаса мақтарлық, алдынан аң құтылмас, бойына шаң жұқтырмас, нағыз ауыздығымен құс тістеген жануар екен. Мен көрген сәйгүліктердің ішінде мұнымен үзеңгі қағыстырып, тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ. Пай-пай, мынау Ғазіреті Ғалінің Дүлдүлі ғой,— деп тамсанғанда, жұрттың аузы ашылып, Құлагерге тесіле қарады. С.Жүн.
