Posted in

БОЙЫНА ҚҰТ (ҚҰТ-ҚУАТ)

Пайдаға асты, сіңді, қызығын көрді д.м. * Түпкi мақсатқа жету үшiн қандай айла қолдансаң да айып емес. Қонаев – күнi өткен адам. Осы өмiрiндегi көрген қызығы да бойына құт. Т.Сәук. ~ Одан да ең оңай жол — бұл үш ақша жегіш шеберді мемлекетке бір тиын табыс бермепті деген көп ауыздың, шөп ауыздың бірі шөпшең ете түссе, «ініне су құйған күзендей қызметтен қуып шыққанмын» деу әлдеқайда женіл ғой. Жыл бойы жегендері бойына құт, үш шебер қалтаны толтырып қайқайып шыға берді. Б.Қыд. ~ Атап айтқанда, жалы берік жирен бие мен қазысы қалың қара жорға қас пен қабақтың арасында жол тартты. Ақтабан торы биені тексеруші телімсек сойып тартты. Ақшасы бойына құт. Әркімдер жақсы аттың майын сұрап мініп, қаңқасын да қайтармайды. Б.Қыд.~ Ақтөбе рентген заводының қоладан құйылған маркасы отыз елге таныс. Сол елдердің ішінде Куба, Гана, Мали, Непал, Индия да бар. Оралдың арматур, Ақтөбенің ферросплав, Шымкенттің химфарм заводтары жөнелтіп отырған бұйымдардың мазмұнымен мақтанбасқа ешбір еркім жоқ. Ол бұйымдар – әлі де буыны бекімеген, әлсіз елдердің бойына құт-қуат, керек десек, дәл айтқан боламыз. Х.Ерғ.