Posted in

БОЙЫН БАУРАДЫ

Бүкіл денесін елітті, ерекше ләззатқа бөледі. ~ Олардың ойларына өзі туралы не келіп, не кетіп жатқанына Еркеш онша алаңдаған жоқ. Өз ішіндегі сезімге үңілген. Аш өзегіндегі тілемсек, бір тамақ іздеген тойымсыз ниеттен басқа тіпті басқа, бірақ соған орайлас сағыныш, аңсауға ұқсас бойын баураған күйді ұқты. К.Өтж. ~ Тек келген жігіттердің бірі домбыра алдыртып, қоңыр даусымен әндете бастағанда ғана шырайлы өңі жылып, бойын баурап алған ән иесіне ықыласты көз тастады. Құлақтың құрышын қандыра шырқаған жез таңдай әншінің есімі Әсет болып шықты. АҚ “Таразы өмір”.