Posted in

БОЙЫН (ӨЗІН) СЫРҒАҚ ҰСТАДЫ

Тым жақындатпады; бөтенсіді. * Қалжыңның қандай түріне болса да «құрдастық болар» деп шыдайтын Күнтай бір сәтте арамдығын сезіп қалды да, бойын сырғақ ұстауға айналды. С.Мұқ. * … сұр өңді Тілеміске Шыңғыс мұнша әдемі көрікті қимаған, оның үстіне, тықылдаған пысықтығын да ұнатпаған, егер елей қалса, үйреніп алғаннан кейін басынып кетер деген қауіппен, бойын сырғақ ұстаған. Оған еркек атаулының сұлуы сияқтанған. С.Мұқ. * Қызмет бабында өзін сырғақ ұстайтын Старков, Драгомировтың Шоқан жайлы айтқан сөздерін тыңдап болғаннан кейін «көрерміз, оқу кеңесінде ақылдасармыз» деді. С.Мұқ. ~ Соншама қызмет атқаратын адамның үстінде жөні түзу киімі де болмай, жұмыс уақытында әлде не жамаулы бірдемелермен жүріп, сыпайылығының өзіне қарадүрсін бірдемелерді киеді. «Қарағыздан туған» боп есептелетін Бәтес Жәнияға жоламай, бойын сырғақ ұстайды. С.Мұқ.