Posted in

БОЙЫ БОСАДЫ (БОСАҢСЫДЫ)

Бүкіл денесі жеңілдеп салды. ~ Сосын ба, сосын өзінің жалғызы, қара баласын қалай құшып, қалай иіскейтінін ойлады. Күннің иісі мүңкіген, тер сасыған баласын қалай құмарлана сүйетінін ойлағанда бойы босап, көздеріне жас үйірілгенін сезді. К.Өтж. ~ Соңғы сөздерді Зух шынға санамады. Бойы босап, біртүрлі жеңілдеп шықты. Старшина да қатты сөз айтпады оған. Егер айыбы болса, орманды басына көтере жерден алып, жерге салып, сөгер еді. М.Кәр. ~ Өмірі тіпті ұйықтамаған адамша, көзі шарасынан шығып кетті. Бұдан бір минут бұрын басы зеңіп, бойы босап тұрған жайы сап болды. Л.Тол. ~ Жұтыр қара Сиқыршының айтқанын бұлжытпай орындаған. Бір уақытта аузынан ып-ыстық дем бұрқ етті де, көкірегі сұп-суық боп мұздап сала берді. Көмейіне лоқсық тіреліп, тұншыға тыпыршып біраз қиналып барып бойы босаңсыған. Т.Сәу.