Posted in

БОЙЫ БІР ТҰТАМ

Шағын бойлы, тапал, қортық. * Бойы бір тұтам үрген тұлыптай бәкене жігіт безектеп Бекетті шыр айналды; мойнына асылайын деп еді, қолы жетпеді, құшақтайын деп еді, қарыны тіреп жібермеді, ақыры шаршап – шалдығып от басына барып итінді. Қ.Ысқ. * Баяғы Оразбек емес. «Әй, сол да кісі ме!», «Ой, ол да адам ба?!» деп күшеніп, күпініп сөйлейтін болыпты. Бір тұтам қортық бойы да ұзарған сияқты ма… Н.Дәут. * Бойы бір тұтам үрген тұлыптай бәкене жігіт безектеп Бекетті шыр айналды … Қ.Ысқ.