Posted in

БОЙЫ ЖАЗЫЛДЫ

Көңілі сергіп, өне бойы жеңіл тартты. ~ Суық киіз үйде арқасынан аяз өтіп, бүрсеңдеп отыратын Бақтығұлға мынау үй, бір қонып кететін болса да, үлкен асыл сый сияқты көрінді. Көңілі талай күнгі кірбеңінен жадырағандай. Барлық тіршіліктің жетімсіреткен жүдеу күйін шаққандай, бойы жазылып, бастан кешіріп жүрген халін айта бастады. М.Әу. ~ Тар үй, тар қала, тар көшеде, анау ұлан байтақ даланы, асқар ала тауды, жасыл орманды, ит жүгіртіп, құс салғанды көрмей не ғып шыдап жүреді екен?! Не ғып бойы жазылады екен?! Япырау бұлар мүлде осыған үйреніп алған-ау! Орыс болған-ау! Ж.Айм. ~ Сыртқа қайта шыққанда Жанай әжептәуір көңілденіп қалған еді. Бір түрлі бойы жазылып, жадырап, сөйлегісі, күлгісі келеді. Клубқа кірді. Тағы да Халимамен билеп кетті. С.Мұр.