Жаны жайланды, денесі тыңайып қалды. ~ Бағана Қасқабұлақ жотасына шыққанда бұлардың маңдай алдынан Шыңғыс аса соққан салқын самалға бойы сергіп, көңілі көтерілген Қасымбек Құлақасқаны сипай қамшылап, ақырын ыңырсып əнге басқан: «Ауылдың қонған жері Қоғалы көл, Қоңыр қой қозысы өлсе, болады тел. Асығып Ақбілекке жетер күні Алдымнан қоңыр салқын соғады жел». З.Қаб. ~ Жас жігіт алаулаған ыстық денесін таң самалына төсеп, бір сәт бойы сергіп қуана күлімсіреп тұр. Ә.Нұрп.
