Posted in

БОЙЫ (ӨН БОЙЫ) ҚЫЗ-ҚЫЗ ҚАЙНАДЫ

~ Бүкіл денесіне жылу дарытты. Оның есесіне қысты күні сорпаға, көжеге сарқасқа қылып құрт езіп, тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда, бойы қыз-қыз қайнап жүреді. Ж.Айм. * Қазір де өн бойы сол қыз-қыз қайнаған қызыл табан секілді ду-ду етеді, қазір де қалың қарды бытырлата басып жүгіріп бара жатқандай … М.Қаб.