Posted in

БОЙҒА БІТКЕН

Өзіне тән, қанында бар әлдебір ерекшелік, мінез, әдет туралы. ~ Оңашада өз-өзімді қайрап-қайрап, бойға біткен бар өжеттік пен батылдығымды шоқтай жинап, батыл баса Сәлиманың есігін ашсам… бөлменің жартысын жаулап Бөлек-Салақ отырады… М.Қаб. ~ Бірақ хазірет Ақанды онша қызықтыра қоймайды, бойға біткен серіліктің алып күші оған қарама-қарсы тұрады. Ақанды жаңадан елегізітіп жазғытұры ел жайлауға көшерде Ақан Қоскөлдегі ағаш үйіне келіп жаз бойы онда жалғыз жатады, қасында бір ғана ауру баласы болады. С.Жүн.