Posted in

БОЙ АЛДЫРМАДЫ

Ырқына көнбеді, мойын ұсынбады. ~ Парасат биігіндегі адам Саясат сайтанының арбауына бой алдырмайды. И.Сап. ~ Көкірегіне әлде қандай бір күдіктің елесі неше келіп неше кетсе де қорқынышқа бой алдырмауға тырысты. Жатар алдында өзі білетін дұғаларын оқып, субханын үйіріп жатты. Ж.Шәк. ~ Москвада оқып жүрген кездерінде тымауратып қала беретін Елеусіз Шынармен бірге қыста коньки теуіп, жазда суға жүзіп шыныққалы бері суыққа бой алдырмайтын. Т.Әл.