Posted in

БОЙ-БОЙЫ ШЫҚТЫ

Терлеп-тепшіді, қара тер болды, азып-тозды. * Сұйқылтым сары шашы салбырап көзіне түсіп кеткен. Бой-бойы шығып быршып, қожыр бетінің шұңқырында жылт-жылт етіп тер тұнып тұр. Т.Сәу. * Домбыраның ішектері қосылып боздаланың ботасы болып боздай ма… бой-бойы шығып, борай-борай боз тозаңға айналып бара ма… Н.Дәу. * Даланың өзінде бой-бойы шығып терлеп, араққа қызып алған Шәуәли үйге кіргісі жоқ. Т.Сәу.