Дем алмай, тыным көрмей жұмыс қылды, бел шешпеді. ~ Маңымыздағы көршілерімізге, көп кедейге қарап: бізден де кедей бар, бізден де жалаңашы, бізден де қарны ашы бар ғой. Өлмей жүр ғой солар да, дейміз. Еңбегімізді емейік деп, күн-түн бой жазбай сол тамақ, кәсіп соңындамыз! – деп күрсіне түсіп, Дәмежан ойлы жүзбен өз жайын аяқтады. М.Әу.
