Posted in

БОЙ ҮЙРЕТТІ

Дағдыланды, жатырқамайтын болды, жұғысты. ~ Тағдыр-талайының рақымсыздығына әбден бой үйретіп алған Сильвия оның соққыларына төзудің, қайтадан бас көтерудің жолын тапқан болатын. Ч.Пав. ~ Бірақ көз қорқақ, қол батыр, бірте-бірте бой үйреткен жас, аяқ астынан кездескен сүйіспеншіліктің қызығына белшесінен батты да, жүре бара тіл мен көзден сақтануды ұмытып кетті. Х.Ес. ~ Қанша дегенмен, өзі бір кісінің жүрегін тітіркендіретіндей тосын шаруа еді. Бірақ, бұл жолы тәуекел етпесе, қолына бірте-бірте бой үйретіп келе жатқан бақыт құсы пыр етіп қайта ұшып кетуі әбден ықтимал. Ә.Кек. ~ Бұл шақта Нұрбал да Maхамбетке бой үйреткен. Ә.Әл.