Posted in

БОЛАРЫ (БОЛАР ІС) БОЛДЫ

Енді ештеңе өзгерте алмайсың, болған іске бекем бол д.м. ~ Қой, болары болды, не де болса, тәуекел! Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің. К.Қаз. ~ Ал егер де «болары болыпты, енді маған қалың малымды әкел» десе, не дейсің? Б.Қанз. ~ Соны бiлетiндердi көрсем, мазақ етiп, іштерінен сақ-сақ күліп тұрғандай елестейдi. Амалым жоқ, болары болды, бояуы сіңді. Бірақ, көңіл жұбанар емес, қатты өкiнем. Енді өкінгенмен не пайда?!. Д.Рам.