Posted in

БОРДАЙ ЕГІЛДІ

Қатты күйзеліп, қайғырды, егіле жылады. ~ Кісіге көріне алмай бұл күйінде, Шығарды төр үйінен ас үйіне. Егіліп бордай болып ол жыласа, Күледі Жаңыл іштен сүйіне-сүйіне. С.Тор. ~ Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел-дағы. М.Әу. ~ Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай білетін, айхай, қу тағдыр-ай! Боранқұл бордай босап егілді. Ғ.Біл. * Қарттың салыңқы қабағын, дірілдей, қыстыға айқайлағанын көргенде, әлденеге түсінгендей еді; кемпірінің жанында бордай егіліп күйзелмейін деп кеткен ғой деп ойлады ол. М.Сүн.