Posted in

БОС БЕЛБЕУ

Істеген ісінің берекесі, тиянағы жоқ, жұмысқа ебі жоқ, болбыр адам туралы. ~ Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған. Бос белбеу, босаң туған бозбала кеп Киіздей шала басып, қарпылмаған. А.Байт. ~ Өмірбектің бұл колхозға келгеніне екі-үш айдай уақыт өтті. Осы аз мерзімнің ішінде бұрын бос белбеу ауыл психологиясында біраз өзгеріс болып қалғанға ұқсайды. С.Шайм. ~ Бүгін ғой қала жағалап, бос белбеу, бос тақым болып кеткені. Бірақ оның да өз себебі бар. Е.Бақаш. ~ Өз теңімен қол ұстасуға батылы жетпейді. Тәуекелі. Құлқынынан артылмайтын бос белбеу жазғандар қатын тұрмақ, қара басын сақтай алмай сенделіп бос жүр. Ө.Кәр.