Мәнсіз, мағынасыз көпірме сөз. ~ Абай енді ыза болды. Қатты зекіп сөйледі. – Жә, ішер асыңды іштің! Айтарлық құдай аманаты, бос мылжың сөзіңді айтып болдың. Енді тұр, тарта бер! Менде не ақың бар? Кімді халқым дейтінімді сендердің біліп нең бар! Бар, бара беріңдер! – деді де, үш Ырғызбайды суық көзімен, қатал түсімен қаймықтырып, осы үйден ұзатып салды. М.Әу. ~ Дүние сапырылысқан сөз. Миыңды көк су қылатын бос мылжың. Дуалға қарасаң да, үйлердің маңдайшасына үңілсең де, троллейбустың бүйіріне қадалсаң да орындаықтай-орындықтай қызыл жазудан көзің шұбартады… Т.Сәу.
