Posted in

БОТАЛЫ ТҮЙЕҢДІ ӨТКІЗІП ҚОЙҒАН ЖОҚСЫҢ

Құндайтындай еңбегің жоқ, құнданатындай себебің жоқ. ~ Екі елі езуге бес елі қақпақ дегенді білемісің? Ұнамайды екен, боқшаңды жина да тай! Бізге боталы түйеңді өткізіп қойған жоқсың! Қ.Ысқ. ~ Тәкаппарлықтың да размері бар, боталы түйесін өткізіп қойғандай ернінің емеурінін бұлдап, танаураған немені Бекет көргеннен-ақ тұмсықтан қонжитып жібергісі келіп тұрған. Қ.Ысқ.