Posted in

БОТАЛЫ ТҮЙЕ

Аса құнды, бағасы жоғары дүниенің баламасы ретінде қолданылады. ~ Қайта жаманымыз жақсарып,
қысқамыз ұзарды, боғымыздан боталы түйе жасап байып алдық мінеки. Ә.Асқ. ~ Селсебет, ауылсовет
атаулының бәрін Стекеңнің қарын бөлесіндей көретін Зүкең содан бері боталы түйесін жеп кеткендей қыр
соңынан қалмай, малы қайтпаса да қыжыртпамен мазасын кетіреді екен. Қ.Ысқ. ~ Енді бір ауыз қалжыңын
көтере алмай, боталы түйесін ұттырғандай болмасқа томсырайып жатқан түрі мынау. Қ.Ысқ.