Posted in

БОТА ТІРСЕК БОЗБАЛА

Қабырғасы қатпаған жас жігіт. ~ Қараңғы түнде қызға бармақ боп келе жатып киіз үй алдындағы жерошаққа сүрініп, қоламтаға аяғын күйдіріп алған бота тірсек бозбала секілдісің, хық- хық- хық… З.Қаб. ~ Бірақ ол әкесінің ол үмітін ақтамай, ер жете келе қолына домбыра алып, біржола ақындық жолға түсіпті. Атақты Ырысжанмен айтысқанда, бұл әлі жиырмаға тола қоймаған бота тірсек бозбала екен. Қ.Жұм.