Posted in

БОҒЫН БОТАЛЫ ТҮЙЕГЕ ПҰЛДАДЫ

Түкке тұрғысыз нәрсесіне шамадан тыс жоғары баға сұрады. ~ Осында жайғас. Туалеттен жырақ, жақсы орын… Шай мен қантқа үш сом төлейсiң. Төсек-орынға – бiр сом. «Боғын боталы түйеге пұлдап», өңешiн кең ашып тұрса да саудаласқан жоқ, «ләббәй, тақсыр!» деп сұрағанын ұстатқан. Т.Сәу. ~ Петрович бір мың болғыр адам. Боғын боталы түйеге пұлдап, ақша-ақша деп қылқылдап тұратын саудагердің сортынан емес. Т.Сәу.