Posted in

БУРАДАЙ ШАБЫНДЫ (ЖҰЛҚЫНДЫ)

Еліре сөйледі, ашуға булықты, шаптыға кіжінді. * Шекер мойнын ит ала қаздың айғырындай созып, бүркітше түйіліп, бурадай шабынып: «Болмайды деген не?..». Қарды да, жарды да боратты, жылатты, сықтатты – ақыры көндірді. Құлтуманы қойшы, ол бір өлген кісі ғой. Ж.Айм. * Даурыға, шаптыға сөйлеген мемлекет басшысы жарты күн мiнбеге мiнiп, бурадай шабынып тұруды әдетке айналдырды. Т.Жұрт. ~ Олар бір-біріне бураша шабынып тұрып, сарт-сұрт ұстасып қалысты. Шолақ дамбалдан басқа етінде дәнеме жоқ, бірін-бірі жұлқыласып, езгілесіп, жеп жүр. І.Жан. * Тәңіртаудың найза шыңдарынан атойлап шыққан суық түсті қарасұр бұлттар Көк теңізге батып кеткен Күннің қызыл шапағына төніп, бурадай шабынып барады. Д.Қуат.