Әлдебір сезімді, сенімді малданып, масаттанды, күпінді, дандайсыды. ~ Ал, өзіме қарасам, аяғымды жылдам басып, денем қаттырақ қимылдаудан ба, әлде «еркектік» атты намыстың буына пісуімнен бе, мұздай судың ішінде шомылып жүрген адамдай, аяздың бар денемді орай жалаған суық тілінен сескенудің орнына рақаттана түсем!.. С.Мұқ. ~ Лесхоздың бес жүздей қыл құйрығын әкеден қалған мұрадай қызғыштай қорып, соның буына пісіп, соның желігінен жемсауы шағанақтап жуансып жүргені. Онан соңғы ермегі мынау қара орман. Қ.Ысқ. ~ Бұрын оларда әлдеқандай бір асқақтық, буға піскендік, алшаңдай басушылық, шолжаңдай сөйлеушілік секілді артық бірдеңелер болушы еді. Қ.Жұм.
Мастанды; елірді. * Түлкі құрсақ екі бейшара көз арбап, танау қытықтаған тоқ дастарханның буына елітіп отырып, жел сөзді оңды-солды қалай боратқанын білген жоқ. Т.Сәу.
