Масайрады, мақтан етті, күптенді, лепірді. * … үлкен залдағы дәу күміс сандықтың үстінен түспейтін алтын ер-түрманнан басқа баталы деген бұлғын ішік, құндыз жағалы шапандар әркімнің үстінде елеусіз жүре береді де елеусіз жерде жататын алтын-күміс жиһаздардың буына мастанған үй иесін көре алмады. Қ.Ысқ. * Бала алтынның буына мастанған жоқ. Қанша сұқтанса да әулиенің ескертпесі есіне түсіп, бойтартатын. Т.Сәу. * Жастықтың буына мас болып, көңіліне желік кірген жас нені ойлайды? Сүйіспендік дейсіңдер ғой. Сонда қашанғы жаласып сүйісе бересіңдер? Сиыр да бұзауын бір маусым ғана жалайды. Т.Ахт. ~ Сол кезде бұл екеуінің ағыл– тегіл бақыт құшағында тұрып, үркек, балаң махаббаттың буына мас болғанын басқалар байқамас еді. Ш.Айт. ~ Базардың ерте күннен көршісі, туысы боп кеткен Көшпесбай деген жиені бар еді… Ол тіпті бүгін осы алтынның буына масайған сияқты. М.Әу.
