Болмашы себеппен кеудесін керіп, ішпей-жемей мас болды, күптенді.~ Бәрі де Жылқайдардан буына семіріп, сыртқа шықса кеуделерін соғады. Зәуде бір арғын-қыпшақтың ауылын торып, бір үйір жылқы алып қайтса, үйге сыймай күпінеді… З.Шүк. ~ Атақ-абыроймен ғылым жасалынбайды. Әсіресе тоқыраудың мырза аспанынан жауған жылтыр темірдің буына семірмей-ақ қой. Т.Сәу. ~ Қазағымның патшасына қуат берсін, Құдайым! Көзі отты, сөзі түкпірлі, құжырлы көрінеді. Түбі жаман болмас… Елдің бетін бері қаратар… “– деп әжей қиялының буына семіріп, көңілі түлеп, күңкілдеп тұр. Т.Рыс.
