Posted in

БУЫНЫ (БУЫН-БУЫНЫ) ҚҰРЫДЫ

Тұла бойы әлсіреді. * Бір кезде снарядтың шыр көбелек айналған шапшаңдығы азайып, оның шоқиып отырған аюдың күшігіндей боп бойы керінді де, сәлден соң, буыны құрып, әлі біткендей, сылқ етіп құлай кетті. Ә.Нұрш. * Бірақ қыз сабырлы болған сайын менен сабыр кете бастады. Оның ақ саусақ, ақ білек, ақ мойнына көзім түскен сайын буын-буыным құрып, безгекке ұшырағандай бойым қалтырай түсті. Ә.Нұрш.