Posted in

БУЫНЫ ҚАЛТЫРАДЫ (ДІРІЛДЕДІ)

Тұла бойы дір-дір етті; бүкіл бойын үрей биледі. * Абай, буындары қалтырап, басы айналып зорға шыққан. Көзі бұлдыр тартқаннан ба, әйтеуір қазіргі бар дүниенің қызылы бұрын бұл көрмегендей біртүрлі ерекше көрінді. М.Әу. ~ Сөйтіп ол қызбен мен осылай үш күн бірге жаттым. Сол үш күнде үш рет қыл көпірден өткендей болдым. Тізем дірілдеп, буыным қалтыраған сәттер болса да, құламай аман өттім. Ә.Нұрш. * “Алиман! Алиман!”–деп жан ұшыра айқайладым, жан жоқ. Менің даусыма иттер ғана шәу ете қалды. Буындарым қалтырап қоя берді. Ш.Айт. * Аяғымен жер тепкілеп, аузы- басы кемсеңдеп, өзін-өзі тежей алмай, ал кеп бір аңырасын, боздасын сорлы ана. Буын-буыны дірілдеп, құлап түспекке томардай қақайып тебіренбей тұрған ұлының иығынан қос-қолдап құшақтап алған. Ш.Айт.