Күші кетіп, әлсіреп қалды. ~ Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап – Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда? Абай. * Боқаң тапаншаға бақшиып қадалған күйі қалтаңдап, кесесін төге-мөге орнынан тұрды. — Ойпырым-ай, бұл не сұмдық! — деп, Дәметкен тұрғалы ұмтылса да, мешел адамдай, буыны құрып, орнынан тұра алмады. Б.Майл. ~ Айбарша ши жақта состиып тұр еді, отыр, – деп Қоразбай оқыс айғайлап, қамшымен жерді сарт ұрды. Айбарша буыны құрып, тұрған жерінде тізерлеп отыра кетті. Б.Тоғ.
