Ерекше ыждаһатпен істелген жұмыс, қарқынды әрекеттің сипаты. * Ажалмен жекпе-жек айқасқандай қаһарына мініп, қайраттанып кетті. Көзі оттай жайнап, мандайынан буы бұрқырайды. Ермек қарт оташының іске ыңғайлы әлуетті саусақтарының шапшаң қимылынан көз алмай қарай берді. С.Ом. * Әсіресе сыпайларымның құтын алып, қырып бара жатқан екі бүйірімізден атылған әлгі самаурындай буы бұрқыраған ғажайып қару… І.Ес. * Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері дамып, жай көзге оп-оңай шалына бермейтін, өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік нысаналары көгала толқын іспетті ағыстар талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен өріске көтеріліп, жаңа арналар тауып, буы бұрқырап жатты Р.Нұрғ.
