Posted in

БІЗ ТҰМСЫҚ

а) Алды ұзынша, тар. ~ Алқымынан түймелеген біз тұмсықтау сары башмағы, домбыра тартқан кісіше, қимыл- қимыл етіп отырды. Мұндай сұлу аяқ қазақ əйелдерінде сирек ұшырайды. Ж.Айм. ~ Жоқ, жылдармен жағаласып тақасы тозған біз тұмсық кәрі туфлилер, төбесінің ойығы ішіне батқан бір кездегі сәнді шляпалар, тоқ мықындардан арылған ескі юбкалар көлбеңдеп Жөкеңнің ләпкесін жағалайды. Д.Қуат.
ә) Сүйір мұрынды. ~ Күн кешкіріп, тоғай­ ішін көлеңке басып кетті. Ызыңдаған біз тұмсық сармасалар көбейді. Б.Соқ.