Posted in

БІЛЕК АРТТЫ

а) Сүйенді, арқау тұтты. * Ал, Сағымжолдың оңтүстігі түрлене құлпырып, кең өріс, бейбіт қонысты Ақжайлауға білек артатын. О.Бөк. ~ — Ағасы ұйғарса еш уақытта құлақ қаққан жан емеспін. Қаридары көп егін ғой – барсын. Өзің қалсаң… – деді. Ойланып қалдым. “Әлі баяғы бірбеткей өжеттігі: билеп-төстеп барады. Білек арта сөйлеуін – өзімсінеді-ау.” Т.-М.Ор.
ә) Жалғасты. * Қазір тамыз тамамданып, күзге білек артқан мезгілде әлгі қылығы мол, жуас самалдың демі қатқылданып, бой мұздатар суық желге айналыпты. О.Бөк.