Posted in

БІЛЕК СЫБАНДЫ

Әлдебір іске зор ынта, ықыласпен кірісті. ~ Ғылымға таман қайтқандай. Жыбырлатып тартқандай, Білімге салып тілекті, Сыбанып едім білекті. Шәк. ~ Бөрідей боп білек сыбанып кіріскенде, екі жағы да ашу-ыза мен тепкі соққы әсерінен жындары қозып, көздеріне қан толып кеткен еді. А.Алт. ~ Рас, біздің әлі үш маямыз басылып болған жоқ! Аналардан ол жағында кешең қалдық, — дегенде, Талпақ екі білегін сыбана беріп: — Ендеше, не бәсің бар? — деп қарқ-қарқ күлді. М.Әу.