Posted in

БІРГЕ ТУҒАНДАЙ

а) Ең жақын адамындай. ~ Күлімсі шуаш иісі шыққан қойлар да бірге туғандай, түтіннің иісі күндегіден жағымды тәрізді, ала бұзауын қуалап, құйрығынан алам деп, домалап жатқан Кенжетайы да бір түрлі жарастықты. Ж.Айм. ~ . Менің көзімше қалта телефонымен анау Алматыдағы, анау Мәскеудегі өңшең дөкейлермен әмпәй– жәмпәй, тап бірге туғандай бауырмалдық сезіммен барын ақтарып, емен– жарқын сөйлесіп жатады. Қ.Жиен.
ә) Бірігіп кеткендей. ~ Тек кресломен бірге туғандай, креслоға жабысып қалғандай құдай– мүсін, мүсін– тәңір ғана көз алдында айдындана мызғымай отырады– ау. С.См. ~ Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің. Б.Соқ.