Posted in

БІРДЕ БАТУ, БІРДЕ ТАТУ

Бірде қас, бірде дос, бірде олай, бірде бұлай. ~ Бұхара ханымен бітімшілік жасасқан сияқтымыз. Бірақ қаншаға баратынын қайдам… Ноғайлардың Алтау ауылымен қас-қабағымыз жаман емес. Ал, Таңахмет балаларымен, Орыс әулетімен сол баяғы бірде бату, бірде тату қалпымыз. Ә.Кек. ~ Биыл ұйтқыма үттің қаупіне ұйтқыма жұрттың қаупі қосылып тұр. Қарсы топтың бірде бату, бірде тату боп қырық құйқылжып тұрғаны әлгі. Бәби бидің анадағы әңгімесінің де көмейі белгілі. Ә.Кек.