Бірде тоқ, бірде аш, бірде қуанып, бірде күңіреніп, алмағайып ғұмыр кешті. ~ Сарша белде тәнімді алғаш жуыппын, Қайда жүрсем шөлейтке сол жуықпын. Жөргегінде мейірбанды бесіктің Бірде күліп, бірде жылап өсіппін. Жел қайықтай сахарада есіппін, Жел қайықтай мұхитында несіптің. Т.Әл. ~ ЖАНБИКЕ: Жүргеніме зар болам ба, Бірде жылап, бірде күліп… Жан алқымға алғаның ба, Аңдып жатқан ит тіршілік? Б.Тоғ.
