Наурыз айы. ~ Бізде ай тоғысуы деген болған. Оның реті мынандай болып келеді: шілдеде – 23 тоғыс, тамыз – 21 тоғыс, мизам – 19 тоғыс, қазан – 17 тоғыс, қараша –15 тоғыс, желді –13 тоғыс, қаңтар –11 тоғыс, үштің айы – 9 тоғыс, бірдің айы –7 тоғыс, көкек – 5 тоғыс, мамыр – 3 тоғыс, маусым –1 тоғыс. Ж.Баб. ~ Ақпан, қаңтар, бірдің айы – баршасы да қазір Абайлар жүріп келе жатқан сар дала, қоңыр адыр, сай-сала, қорық-қойнауларға өздерінің ақ ирек, сар-кідір омбыларын, оқаптарын, мұздақ жалтырларын жапқан көрінеді. М.Әу.
