Көптің ішінде қитұрқылап, алдап-сулап жүріп, жан бақты; жүрген жері шатақ, өтірік, өсек д.м. ~ Менің түздегім көп. Бірді бірге соғып, күнелтіп жүрген қаланың Қара таяғымыз ғой. Көп тауып байымасыма, аз тауып аштан өлмесіме көзім кәміл жетеді. Ғ.Мұст. ~ Шынында да Жүніс өте табыскер еді. Бірді– бірге соғып жүріп тапқан ақшасы қалтасында буда– буда боп жүретін. С.Мұр. ~ Тәңертең қалтасы қағылып құр қол шыққан алыпсатар күні бойы бірді– бірге соғып жүріп, кешке қарай үйіне қалайда шай– шалаңын, көже– қатығын айыратын бірдеңе тауып қайтады. Қ.Жұм. ~ Хансұлудың көзі соған жеткен. Әділет, адалдықты белден басып Ждақай тәрізді дүниені былғап жүргендерге таң қалады. Құдайдың кәрінен құтыламыз деп бірді бірге соғып былықтырып жүргендеріне таң қалады. С.Ел.
~ Төңіректің төрт бұрышының Сұлтекеңе бәрі мекен, бәрі өpic. Бірді бірге ұрып, жүрген болар жосылтып. Б.Соқ.
~ Ағайын арасында аз үйлі керей болғанмен Айнабай деген бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін бір қызыл көзді бәле. Б.Майл. ~ Тәңертең қалтасы қағылып құр қол шыққан алыпсатар күні бойы бірді-бірге соғып жүріп, кешке қарай үйіне қалайда шай-шалаңын, көже-қатығын айыратын бірдеңе тауып қайтады. Қ.Жұм.
